Accessibility links

Covid өршіген соң Жапония Токио маңындағы үш аймақта төтенше жағдай жариялады


Олимпиада қалашығына кіретін есіктердің бірінің қасынан өтіп бара жатқан полицейлер. Токио, 13 шілде 2021 жыл.
Олимпиада қалашығына кіретін есіктердің бірінің қасынан өтіп бара жатқан полицейлер. Токио, 13 шілде 2021 жыл.

Пандемия Токио Олимпиадасына қырсығын тигізіп отыр. Жапония ел астанасының маңындағы үш аймақта коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимін енгізді.

29 шілде күні Токиода вирус жұқтырған 3300 науқас анықталғаны туралы ақпар тарағаннан кейін төтенше шаралар енгізілгені жарияланды. Вирус жұқтырғандар арасындағы 17 адам пандемияға байланысты бір жылға кешігіп өтіп жатқан Олимпиадаға қатысуға келген.

Жапония осы уақытқа дейін індеттің жойқын қарқынмен өршуіне жол бермей келсе де, Токиода жақында төртінші рет төтенше жағдай жарияланды. Бұған Олимпиадаға қатысу үшін қалаға жиналған мыңдаған спортшы мен делегат (бұған өте жұқпалы "Дельта" вариантының тарауы дем беріп отыр) індеттің таралуын одан сайын өршітуі мүмкін деген қорқыныш та негіз болған.

Елдің ресми тұлғалары Олимпиада ойындарын өткізудің Covid-19 коронавирусы таралуына әсер етпейтінін айтады. Әйткенмен, бір күн бұрын үш спортшының Covid-19 вирусын жұқтырып алғаны мәлім болды. Сол күні Олимпиада ұйымдастырушылары барлығы 27 адамға вирус жұққанын жария етті. Ал жалпы 1 шілдеден бері Жапониядағы Олимпиадаға қатысу үшін ресми тіркеуден өткен 225 адамның Covid-19 коронавирусын жұқтырғаны анықталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG