Accessibility links

АҚШ-тың жетекші акушерлері жүкті әйелдерді коронавируске қарсы екпе салғызуға үндеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Америка Құрама Штаттарындағы акушерлердің екі жетекші тобы жүкті әйелдерге Covid-19 коронавирусына қарсы вакцина алуға кеңес беріп, тың идея ұсынып отыр. Америкалық акушер-гинекологтар колледжі мен "Ана және (эмбрион) ұрық медицинасы" қоғамының өкілдері кейінгі айларда ондаған мың жүкті әйелді тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің вакцинаны қолданудың қауіпсіз екенін көрсеткенін, ал инфекцияның олардың ауруын асқындырып, өміріне қатер төндіретінін мәлімдеді.

АҚШ билігінің мәліметінше, жүкті әйелдердің шамамен тек 22 пайызы ғана Covid-19 вирусына қарсы вакцинаның бір немесе екі дозасын алған. Салыстырар болсақ, бүкіл АҚШ бойынша ересектердің 70 пайызға жуығы бір немесе бірнеше рет вакцина алған. "Covid-19 вирусына қарсы вакцина – ана мен ұрықтың бойындағы асқыну қатерін төмендетудің ең ұтымды әдісі" деп атап көрсетеді "Ана және (эмбрион) ұрық медицинасы" қоғамының президенті Уильям Гробман.

Аталған екі топтың екеуі де бұған дейін жүкті әйелдерді вакцинадан тыс қалдырмау керектігін айтқан, бірақ бұл талаптарын орындатуда олар тегеурін танытпады. Аталған топтардағы медицина мамандары жүкті әйелдерге вакцина алуға "қатаң кеңес" бере отырып, АҚШ-та тез таралып жатқан аса жұқпалы "Дельта" вариантына байланысты барған сайын күшейіп келе жатқан алаңдаушылыққа ерекше назар аударған.

Америкалық акушер-гинекологтар колледжінің президенті, доктор Мартин Такер дәрігерлер өз пациентіне "ынталы түрде" екпе алу керегі жайлы кеңес беруі қажет деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG