Accessibility links

Роскосмос: ХҒС ескірді, жаңа станция керек


"Ғылым" модулі ХҒС-ке тіркеліп тұр. 29 шілде 2021 жыл.
"Ғылым" модулі ХҒС-ке тіркеліп тұр. 29 шілде 2021 жыл.

Халықаралық ғарыш станциясының Ресейге тиесілі бөлігіндегі құрал-жабдықтың ескіруі 2024 жылдан кейін қиындық тудырады дейді "Роскосмос".

Жобаға қатысушы елдер арасында ХҒС-ты 2024 жылға дейін пайдалану келісімі бар. Қазір оны 2028 жылға дейін созу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Ресей ғарыш агенттігі "Роскосмостың" ғылыми-техникалық кеңесі жаңа станцияны жобасын әзірлеуді және оған федералдық ғарыш бағдарламасының кескінін қосуды ұсынды.

"Роскосмос" болса, ғарыш саласындағы кәсіпорындарға қайрылып, жаңа станция пайда болғанша ХҒС-тің Ресейге тиесілі бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолдау білдіруді тапсырды.

Сенбі, 31 шілде күні ресейлік "Ғылым" модулі жұмысқа толық әзірленіп, оның ішіне ғарыш экипажы кірді.

"Ғылым" зертханалық модулі – Ресейдің ғарыш саласындағы ең ұзақ дайындалған жобасы. Бастапқыда ол 2007 жылы іске қосылуы керек болған. Бірақ жобаның аяқталуы кейінге шегеріле берді. Ал 2017 жылы жобаның жабылуына сәл қалды. Дегенмен, 2021 жылғы 29 шілдеде Ресей модульді ХҒС-ке қоса білді.

Сәуірде Ресей вице-премьері Юрий Борисов Ресейдің 2025 жылдан кейін ХҒС-тен шығатынын, өзінің жеке станциясын салатынын мәлімдеді. "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин ХҒС-тің Ресейге тиесілі бөлігі АҚШ-қа ұсынылатынын айтқан.

Халықаралық ғарыш станциясы жобасына Ресей, АҚШ, Канада, Жапония және Еуропа ғарыш агенттігі қатысып отыр. Станцияның орбитадағы монтажы 1998 жылы басталған. 2000 жылдан бастап станцияда тұрақты экспедициялар жұмыс істеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG