Accessibility links

Әндіжанда облыс басшысымен кездесе алмаған әйелдер жолды жапты


Әйелдер наразылығы. Видеодан алынған скриншот.
Әйелдер наразылығы. Видеодан алынған скриншот.

Жергілікті блогерлердің 31 шілдеде хабарлауынша, Әндіжан қаласында бір топ әйел орталықтағы көшелердің бірін жапты.

Облыс әкімімен кездесуге кіре алмаған әйелдер наразылығын осылай білдірген. Облыс басшысымен жүздесу айына бір мәрте ұйымдастырылады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан ондаған әйелдің көшені жауып тұрғанын көруге болады.

"Озодлик" редакциясы наразы әйелдермен сөйлесу жолдарын іздестіріп көрді.

Өзбекстанда халық билікке мәселелерін жеткізу үшін жолда жиі жабатын болған.

Мәселен, биыл қыста аймақтарда жарықсыз, газсыз қалған тұрғындар бірнеше рет жолды жапты. Билік наразылықтың бұл түріне жазаны күшейтуге талпынып жатыр.

Мұның алдында Бұхарада биліктен несие беруін талап етіп жолды жапқандарды жауапқа тартқан.

Өткен айда Қашқадария облысына қарасты Чиракчи ауданында "Айритим" ауылының тұрғындары жарықтың сөнуіне наразы болып, темір жол маңына жиналды. Ол жолмен "Афросиаб" жүрдек пойызы жүреді. Жолды жапқысы келген тоғыз азамат 15 тәулікке қамалса, тағы төрт адамға айыппұл салынды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG