Accessibility links

Қытай қазағы Уалихан Серік грек-рим күресінен Токио олимпиадасында қола медаль алды

Уәлихан Серік (қызыл формада) қолаға таласта украиналық Ленур Темировті жеңді. Токио,  2 тамыз 2021 жыл.
Уәлихан Серік (қызыл формада) қолаға таласта украиналық Ленур Темировті жеңді. Токио, 2 тамыз 2021 жыл.

Токиода өтіп жатқан олимпиада ойындарында Қытай қазағы Уалихан Серік грек-рим күресінен 60 келіде қола жүлдегер атанды.

Ол алғашқы белдесуінде германиялық Этьен Кинзингерді жеңген. Бірақ екінші белдесуде жапон Кэнъитиро Фумита жеңіліп қалды. Кейін Фумита финалға шығып, Уалихан Серік қола медальға таласуға мүмкіндік алды.

Ол 2 тамызда қолаға таласта алдымен Әбделкарем Фергатты (Алжир), одан соң украиналық Ленур Темировті жеңді.

Бұл салмақта кубалық Луис Орта олимпиада чемпионы атанса, Фумита күміс, Серік мен ресейлік Сергей Емелин қола жүлде иеленді.

Қытай грек-рим күресінен 2008 жылы Пекинде өткен олимпиададан соң медаль алмаған.

Бұл салмақта белдескен қазақстандық Мейрамбек Айнақұлов бірінші айналымда қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңіліп, жүлдесіз қалған.

2 тамызда грек-рим күресінен 77 келіде белдескен қазақстандық балуан Демеу Жадраев та бірінші белдесуінде жапониялық Якуби Сохеиден жеңіліп қалды.

Қазақстанның екі балуаны жеңілді. Қытай мен Өзбекстан құрамасындағы қазақтар да финалға шыға алмады

Грек-рим күресінен 60 келіде Мейрамбек Айнақұлов бірінші айналымда Қырғызстан балуаны Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Егер Шаршенбеков финалға шыққанда Айнақұловтың "жұбаныш кездесулер" арқылы қолаға таласуға мүмкіндігі болар еді. Бірақ Шаршенбеков ширек финалда молдовалық Виктор Чобануден жеңілді. Айнақұлов - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2019 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
1/8 Грек-рим күресінен 60 келіде Мейрамбек Айнақұлов бірінші айналымда Қырғызстан балуаны Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Егер Шаршенбеков финалға шыққанда Айнақұловтың "жұбаныш кездесулер" арқылы қолаға таласуға мүмкіндігі болар еді. Бірақ Шаршенбеков ширек финалда молдовалық Виктор Чобануден жеңілді. Айнақұлов - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2019 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Әйелдер күресінен 76 келіде Эльвира Сыздықова (көк формада) бірінші кездесуінде қырғызстандық Айпері Медетқызынан жеңілді. Айпері финалға шықса қазақстандық балуан "жұбаныш кездесулері" арқылы қолаға таласар еді, бірақ қырғыз балуаны финалға шыға алмады. Токиодағы белдесуден соң Айнақұлов та, Сыздықова да журналистерге сұхбат беруден бас тартты.
2/8 Әйелдер күресінен 76 келіде Эльвира Сыздықова (көк формада) бірінші кездесуінде қырғызстандық Айпері Медетқызынан жеңілді. Айпері финалға шықса қазақстандық балуан "жұбаныш кездесулері" арқылы қолаға таласар еді, бірақ қырғыз балуаны финалға шыға алмады. Токиодағы белдесуден соң Айнақұлов та, Сыздықова да журналистерге сұхбат беруден бас тартты.
Айпері Медетқызы ширек финалда Лондон олимпиадасының чемпионы, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері ресейлік Наталья Воробеваны жеңіп, жартылай финалға шықты.
3/8 Айпері Медетқызы ширек финалда Лондон олимпиадасының чемпионы, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері ресейлік Наталья Воробеваны жеңіп, жартылай финалға шықты.
Эльвира Сыздықова 2016 жылы Рио олимпиадасында алғашқы белдесуінде жеңіліп, кейін "жұбаныш кездесулер" арқылы қола медаль иеленген еді.
4/8 Эльвира Сыздықова 2016 жылы Рио олимпиадасында алғашқы белдесуінде жеңіліп, кейін "жұбаныш кездесулер" арқылы қола медаль иеленген еді.
Қытай қазағы Уалихан Сайлике (қара формада) 60 келіде белдесіп, алғашқы айналымда германиялық Этьен Кинзингерді жеңген.
5/8 Қытай қазағы Уалихан Сайлике (қара формада) 60 келіде белдесіп, алғашқы айналымда германиялық Этьен Кинзингерді жеңген.
Бірақ Уәлихан Сайлике ширек финалда 2017, 2019 жылғы әлем чемпионы жапон Кэнъитиро Фумитадан жеңілді. Фумита финалға шығып, қытайлық қазақ қолаға таласуға мүмкіндік алды.
6/8 Бірақ Уәлихан Сайлике ширек финалда 2017, 2019 жылғы әлем чемпионы жапон Кэнъитиро Фумитадан жеңілді. Фумита финалға шығып, қытайлық қазақ қолаға таласуға мүмкіндік алды.
Өзбекстан құрамасындағы қазақ Елмұрат Тасмұратов (60 кг) алғашқы белдесуінде украиналық Ленур Темировтен жеңіліп қалды. Темиров финалға шықса Тасмұратов қолаға таласар еді. Бірақ украиналық балуан жартылай финалда жеңілді.
7/8 Өзбекстан құрамасындағы қазақ Елмұрат Тасмұратов (60 кг) алғашқы белдесуінде украиналық Ленур Темировтен жеңіліп қалды. Темиров финалға шықса Тасмұратов қолаға таласар еді. Бірақ украиналық балуан жартылай финалда жеңілді.
Тасмұратов жеңілгеніне өкініп жатыр. Ол 2016 жылы Рио олимпиадасында қола медаль иеленген.
8/8 Тасмұратов жеңілгеніне өкініп жатыр. Ол 2016 жылы Рио олимпиадасында қола медаль иеленген.
Previous slide
Next slide

Уалихан Серік 2018 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында қола медаль алған.

Қазақстан құрамасынан Токиода дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зүлфия Чиншанло қола медаль алған. 2 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстан жалпы есепте 69-орында. Қытай құрамасы 28 алтын, 16 күміс, 15 қола медальмен жалпы есепте бірінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG