Accessibility links

Беларусьте Лукашенкоға "тіл тигізді" деп айыпталған журналист 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды


Журналист Сергей Гордиевич.
Журналист Сергей Гордиевич.

Беларусьте авторитар басшы Александр Лукашенкоға "тіл тигізді" және екі милиция қызметкеріне "жала жапты" деп айыпталған журналист Сергей Гордиевич 18 айға бас бостандығынан айырылды.

50 жастағы журналистке шығарылған үкімді бақылаушылар Беларусь билігінің тәуелсіз ақпарат құралдары мен белсенділерді, құқық қорғаушыларды жаппай қудалауының бір көрінісі ретінде қарастырды.

Беларусь журналистер қауымдастығының мәліметінше, 2 тамызда сот Гордиевичті шамамен 1600 доллар көлемінде айыппұл төлеуге де міндеттеген.

"Первый регион" атты жаңалықтар басылымында істеген журналист Сергей Гордиевичке тағылған айып Телеграмда жарияланған жазбаға негізделген. Жазбаның өзі былтыр өшірілген. Журналист тағылған айыптарды жоққа шығарған.

"Весна" құқық қорғау ұйымының есебінше, шілде айында белорус полициясы 200-ден астам белсенді мен журналистің үйі мен кеңсесін тінткен. Қазір ондаған журналист тергеу изоляторында отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG