Accessibility links

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Светлана Тихановскаямен кездесті


Белорус оппозиционері Светлана Тихановская мен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон. Лондон, 3 тамыз 2021 жыл.
Белорус оппозиционері Светлана Тихановская мен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон. Лондон, 3 тамыз 2021 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбі, 3 тамызда Лондондағы резиденциясында белорус оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяны қабылдады. Кездесу барысында Джонсон Ұлыбритания Беларусьтің азаматтық қоғамы мен халықтың демократияға ұмтылысын қолдайды деп мәлімдеді.

"Біз халық жағындамыз және сіздердің әрекеттеріңізді қолдаймыз" деді Джонсон Тихановскаяға.

Ол Минскіге Ryanair ұшағы күшпен қондырылып, оппозициялық блогер Роман Протасевичті ұстаған кезде британ үкіметі алғашқылардың бірі болып, Александр Лукашенко режиміне санкция салғанын атап өтті.

Тихановская Ұлыбритания Беларусьті қолдаған әлемдегі ең қуатты елдердің бірі деді.

Оппозиция жетекшісі Ұлыбритания сыртқы істер министрі және парламент депутаттарымен де кездеседі.

Белорус азаматтық қоғамының жетекшісі, бір жыл бұрын Беларусьтегі президент сайлауында Лукашенконың бәсекелесі болған Светлана Тихановская бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден қабылдауында болған.

Батыс елдері сайлау нәтижесінің бұрмалануына байланысты Лукашенконың жеңісін мойындаған жоқ және Беларуське бірнеше санкция салды. Олар елде жаңадан әділ сайлау өткізуге шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG