Accessibility links

Боксшы Қоңқабаев олимпиада финалына шыға алмады. Ол – қола жүлдегер

Қамшыбек Қоңқабаев Токио олимпиадасында.
Қамшыбек Қоңқабаев Токио олимпиадасында.

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +91 келі салмақта Токио олимпиадасының финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда америкалық Ричард Торрезден жеңілді. Үшінші раундта Қоңқабаевтың мұрны қанап, жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды.

Қоңқабаев олимпиаданың қола жүлдесін алады. Бокс ережесіне сай, жартылай финалда жеңілген боксшыға қола медаль беріледі.

Қоңқабаев жартылай финалға дейін египеттік Мостафа Ясри Хафезден, ресейлік Иван Верясовтен басым түскен.

Қанаған мұрын, нокдаун. Қазақстан боксшысы Қоңқабаев олимпиадада қалай жеңілді?

Бірінші раундтан бастап америкалық боксшы Торрез ширақ қимылдап, басымдық танытты.
1/12 Бірінші раундтан бастап америкалық боксшы Торрез ширақ қимылдап, басымдық танытты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Алғашқы раундта бес төрешінің төртеуі жеңісті америкалық боксшыға беріп, ол алда келе жатты.
2/12 Алғашқы раундта бес төрешінің төртеуі жеңісті америкалық боксшыға беріп, ол алда келе жатты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Екінші раундта Қоңқабаев қарсыласының соққысын жіберіп алып, құлады.
3/12 Екінші раундта Қоңқабаев қарсыласының соққысын жіберіп алып, құлады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Төреші осыдан соң есеп ашып, санай бастады. Қоңқабаев тез есін жиіп, бокс қайта жалғасты.
4/12 Төреші осыдан соң есеп ашып, санай бастады. Қоңқабаев тез есін жиіп, бокс қайта жалғасты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Үшінші раундта Қоңқабаевтың мұрнына тағы соққы тиіп, жарақат алды.
5/12 Үшінші раундта Қоңқабаевтың мұрнына тағы соққы тиіп, жарақат алды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Дәрігер Қоңқабаевтың мұрнын таңып жатыр. Кейін боксшының мұрнынан қан тоқтамаған соң төрешілер жекпе-жекті тоқтатты.
6/12 Дәрігер Қоңқабаевтың мұрнын таңып жатыр. Кейін боксшының мұрнынан қан тоқтамаған соң төрешілер жекпе-жекті тоқтатты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қоңқабаев финалға шыға алмады. Ол Токио олимпиадасының қола медалін алды. +91 келі салмақтың финалында Торрез пен өзбекстандық Баходир Жалолов кездеседі.
7/12 Қоңқабаев финалға шыға алмады. Ол Токио олимпиадасының қола медалін алды. +91 келі салмақтың финалында Торрез пен өзбекстандық Баходир Жалолов кездеседі.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қоңқабаев қанаған мұрнын ұстап тұр.<br />
&nbsp;
8/12 Қоңқабаев қанаған мұрнын ұстап тұр.
 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Торрез кездесуден соң &quot;Керемет сезім. Қарсыласымның жағдайы жақсы деп ойлаймын. Рингтен қалай кеткенін көрдім. Рингте менімен бірге тер төккен әрбір қарсыласым &ndash; менің бауырым... Ал қазір осы жерден шығып, әкеме хабарласып &quot;тамаша жұмыс&quot; деп айтқым келеді. Себебі жекпе-жек алдында әкеммен ақылдасып едім. Менде қарсыласымды бағаламау деген болмайды. Бүгін қарсыласымды нокдаунға түсіргенде жолым болды деп ойлаймын&quot; деді.
9/12 Торрез кездесуден соң "Керемет сезім. Қарсыласымның жағдайы жақсы деп ойлаймын. Рингтен қалай кеткенін көрдім. Рингте менімен бірге тер төккен әрбір қарсыласым – менің бауырым... Ал қазір осы жерден шығып, әкеме хабарласып "тамаша жұмыс" деп айтқым келеді. Себебі жекпе-жек алдында әкеммен ақылдасып едім. Менде қарсыласымды бағаламау деген болмайды. Бүгін қарсыласымды нокдаунға түсіргенде жолым болды деп ойлаймын" деді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
&nbsp;АҚШ боксшысы &quot;Алтын алуға барымды саламын. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, үйге оралғанда &quot;әке, біз дегенімізге жеттік&quot; деп айтқым келеді&quot; деді. Журналистер америкалық боксшыдан &quot;кездесу алдында сарапшылар Қоңқабаев фаворит деп айтқан&quot; деп еді ол &quot;сарапшылар алдымен менен сұрауы керек еді&quot; деп жымиды.<br />
&nbsp;
10/12  АҚШ боксшысы "Алтын алуға барымды саламын. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, үйге оралғанда "әке, біз дегенімізге жеттік" деп айтқым келеді" деді. Журналистер америкалық боксшыдан "кездесу алдында сарапшылар Қоңқабаев фаворит деп айтқан" деп еді ол "сарапшылар алдымен менен сұрауы керек еді" деп жымиды.
 
Түгел оқыңыз Қысқарту
<p>Қазақстаннан Токио олимпиадасына тоғыз боксшы жолдама алған. Солардың ішінде тек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты. Қазақстан үміт артқан Василий Левит (Рио олимпиадасының күміс жүлдегері), Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы), Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Аманхан Әлімқұл, әйелдер боксынан Надежда Рябец жартылай финалға шыға алмады.</p>

<p>&nbsp;</p>
11/12

Қазақстаннан Токио олимпиадасына тоғыз боксшы жолдама алған. Солардың ішінде тек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты. Қазақстан үміт артқан Василий Левит (Рио олимпиадасының күміс жүлдегері), Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы), Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Аманхан Әлімқұл, әйелдер боксынан Надежда Рябец жартылай финалға шыға алмады.

 

Түгел оқыңыз Қысқарту
Қоңқабаевтың қоласы &ndash; Қазақстанның Токио олимпиадасындағы төртінші медалі. Осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон олимпиадада қола медаль алған.
12/12 Қоңқабаевтың қоласы – Қазақстанның Токио олимпиадасындағы төртінші медалі. Осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон олимпиадада қола медаль алған.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

Қазақстаннан Токио олимпиадасына тоғыз боксшы жолдама алған еді. Солардың ішінде тек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты.

Қазақстан үміт артқан Василий Левит (Рио олимпиадасының күміс жүлдегері), Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы), Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Аманхан Әлімқұл, әйелдер боксынан Надежда Рябец жартылай финалға шыға алмады.

Қоңқабаевтың қоласы – Қазақстанның Токио олимпиадасындағы төртінші медалі. Осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон олимпиадада қола медаль алған.

Олимпиадаға аттанған Азаттық тілшісінің мақалаларын арнайы парақшамыздан оқи аласыз.

XS
SM
MD
LG