Accessibility links

Сот "өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталған "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысын ақтады


Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке үкім оқылды.

Сот "лауазымдық өкiлеттi теріс пайдаланып" соның нәтижесінде "дәрігерлерге жаппай вирус жұқты" деп айыпталған Берік Шәріпті ақтады. Бірақ "заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін" кінәлі деп танып, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Берік Шәріпке екі бап бойынша айып тағылған: "лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" (361-бап, 4-тармақ 3-пункт) және "заңсыз қару-жарақ сақтау, алу, тасымалдау" (287-бап 2-тармақ 3-4 пунктер).

Сот үкімін оқыған Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев "қылмыс құрамы жоқ болғандықтан" Берік Шәріпті бірінші айып бойынша ақтағанын айтты.

Тергеу органдары Берік Шәріп былтыр індет кезінде "бір реттік қорғаныш киімдерін сатып алу бойынша басқа тасымалдаушыларға қарағанда қымбатырақ баға ұсынып, соның өзінде өнімді уақытында жеткізбеген компанияға басымдық берді" деп айыптаған. Соның салдарынан тергеу болжамынша, елде қорғаныш киім тапшылығы туындап, нәтижесінде дәрігерлер жаппай коронавирусқа шалдыққан.

Берік Шәріп "лауазымдық өкiлетті теріс пайдалану" бабы бойынша айыпты мойындамаған, ал "заңсыз қару-жарақ сақтау, алу, тасымалдау" бабы бойынша айыппен келіскен.

Бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазір "жемқорлық күдігімен" үйқамақта отырған Елжан Біртанов Шәріп сотында куәгер ретінде сөйлеп, компания басшысының кінәсі жоғын айттқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG