Accessibility links

ДДСҰ кедей елдерге вакцина жеткізу үшін әлем алпауыттарын үшінші екпеден бас тартуға шақырды


ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус.
ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус кедей елдерге вакцина жеткізу үшін бай елдерді үшінші екпеден уақытша бас тарта тұруға шақырды.

Бұл туралы Reuters хабарлады. ДССҰ басшылығы "Үлкен жиырмалық" елдері мен фармацевтика алпауыттарын кедей елдерге вакцина жеткізуге көмектесуін сұрады.

Вашингтон ұйымға жауап беріп үлгерді: Америка билігі үшінші дозадан бас тартпайды, десе де дамушы елдерге көмек жоспарын орындауға дайын. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді.

Израиль, Германия, Франция, АҚШ, Ұлыбриятания және тағы бірнеше ел COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасын егуді көздеп отыр. Дегенмен түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Сейсенбі күні Ақ үй вакцинаның 110 миллион дозасын шетелге шығарғанын мәлімдеді. АҚШ тамыздың аяғынан бастап тағы жарты миллиард дозаны дамушы елдерге жеткізбек.

Бұның алдында АҚШ және Еуропа елдері Ресей мен Қытайдың вакцина саясатын сынаған. Мәскеу әлем елдерімен жасаған келісімдердің шарттарын орындап үлгермеген. Соған байланысты бірнеше мемлекет Ресеймен келісімді бұзатынын мәлімдеді.

Ресей билігі вакцина жеткізу жауапкершілігін орындауға уәде берді. Дегенмен әуелі өз халқын екпемен қамтамасыз ету маңызды екенін алға тартты. Ресейде бірнеше аптадан бері тәулік сайын шамамен 800 адам коронавирустан қайтыс болып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG