Accessibility links

ЕҚЫҰ шектеулерге байланысты Ресейдегі сайлауға бақылаушыларын жібере алмайды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Ресей билігі енгізген Covid шектеулеріне байланысты қыркүйекте өтетін Госдума сайлауына бақылаушыларын жібере алмайды. Бұл туралы парламенттік ассамблея мен Адам құқығы мен демократиялық институттар жөніндегі бюроның (БДИПЧ) ортақ мәлімдемесінде жазылған.

Бюро жетекшісі мен парламенттік ассамблея Ресей билігін қабылданған шешім туралы хабардар еткен.

Мәлімдемеде бюро "сайлауды бақылау ауқымы мен форматын өзі анықтайды" деп жазылған. Бұған дейін госдума сайлауына 80 ұзақмерзімді және 420 қысқамерзімді бақылаушы жіберіледі деп айтылған еді.

Бастапқыда бюро мен парламенттік ассамблея өкілдері госдума сайлауын бақылауға шақырылған. Бірақ артынша өкілдер саны 50-ден 10-ға дейін қысқарды. Ресей билігі мұндай шешімді коронавирус жағдайымен түсіндірді.

"Ресейдегі сайлауды бақылай алмайтынымыз өте өкінішті. Ресей билігінің індетпен байланысты бақылаушылар санын шектеу туралы талаптары өкінішке қарай, бізді осындай қадамға итермелеп отыр" деді ЕҚЫҰ-ның Адам құқығы мен демократиялық институттар жөніндегі бюро директоры Маттео Мекаччи.

ЕҚЫҰ – әлемдегі сайлау процестерін бақылайтын жетекші ұйымдардың бірі. Ол ұйымға мүше 57 елге сарапшыларын жіберіп, сайлаудың еркін әрі әділ өткенін-өтпегенін анықтайды.

Ресейде Госдума сайлауы 19 қыркүйекте өтеді. Шілде айында орталық сайлау комиссиясы шетелдіктердің жұмысы індетке байланысты анықталады деп ескерткен. Кейбір құқық қорғаушылардың пікірінше, сайлау қарсаңында Кремльдің оппозиция жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз БАҚ-ты қудалауы күшейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG