Accessibility links

Ресей билігі Ходорковский негізін қалаған "Открытые медиа" және "МБХ медиа" сайттарын жапты


Ресей аумағында "Открытые медиа" және "МБХ медиа" сайттары ашылмай қалды.

"МБХ медиа" сайты өздерін Роскомнадзордың бұғаттағанын хабарлады. Жабылған сайттар реестріндегі мәлімет бойынша, ресурсты Ресей бас прокуратурасы 3 тамызда жапқан. Басылымның айтуынша, билік сайтты жабу себебін түсіндірмеген.

"Открытые медиа" сайты Телеграмда "жаппай тәртіпсіздікке шақырып, экстремистік әрекетпен айналысқаны үшін" сайттың мекенжайы Роскомнадзордың ерекше тізіміне енгізілгенін хабарлады.

БАҚ өкілдері Роскомнадзордан да, бас прокуратурадан да ескерту түспегенін жазды.

"Открытые медиа" сайтының бас редакторы Юлия Ярош "Медуза" сайтына берген сұхбатында әдетте Роскомнадзор сынға ілінген материалдың сілтемесін көрсетеді. Бірақ бұл жолы олай болмаған.

"МБХ медиа" бас редакторы Вероника Куцыллоның айтуынша, Роскомнадзордан соңғы рет ескерту екі апта бұрын 2020 жылы желтоқсанда шыққан жаңалыққа байланысты түскен. Басылым ведомство талабын орындаған.

"Қазір тәуелсіз медиа алаңын тазартып жатқаны анық" деді Куцылло.

Роскомнадзор РБК агенттігіне берген сұхбатында Open Russia Civic Movement және Open Russia ресурстарын шектегенін хабарлаған. Бұл сайттар ЮКОС-тың бұрынғы жетекшісі Михаил Ходорковскиймен байланысты және Ресейде жұмыс істемеуі тиіс ұйымдар тізіміне енген.

Ресейде одан бөлек, "Правозащиты Открытки" сайты да "жаппай тәртіпсіздікке шақырып, экстремизмге үндегені үшін" бұғатталған.

  • "Открытые медиа" және "МБХ медиа" және "Правозащита Открытки" сайттарын Михаил Ходорковский ашқан. Ол шетелде тұрады.
  • Шілде айының соңында әділет министрлігі "Открытые медиа" сайтының төрт журналисін "шетел агенті ретінде танылған ақпарат құралдар" тізіміне енгізген.
  • Оның алдында әділет министрлігі Ходорковскийдің төрт ұйымы: "Фонд Ходорковского", "Оксфордский российский фонд", "Будущее России" және "Европейский выбор" ұйымын "елде жұмыс істемеуі тиіс" ұйымдар қатарына қосқан.
  • Шілде соңында Роскомнадзор Ходорковскиймен байланысты "Досье" орталығының сайтын да бұғаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG