Accessibility links

Иранның жаңа президенті Ибрахим Раиси қызметіне кіріседі


Иранның жаңа президенті Ибрахим Раиси.
Иранның жаңа президенті Ибрахим Раиси.

Иранның жаңа президенті Ибрахим Раиси 5 тамызда парламент алдында ант береді. Осылайша екі сатылы инаугурация процесі аяқталып, Раиси қызметіне кіріседі. АҚШ санкциясының салдарынан экономикасы тығырыққа тіреліп, денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс ұлғайған шақта және 2015 жылы халықаралық державалармен жасасқан ядролық келісім бойынша келіссөздер жылжымай жатқан тұста Раиси қызметіне кіріседі.

Иран жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы Раисиді Батыс елдері адам құқығының ахуалы үшін қатаң сынаған. Ол АҚШ санкция салған шенеуніктер тізімінде тұр. Құқық қорғаушылар оның мыңнан астам саяси тұтқынды жаппай дарға асу ісіне қатысы барын айтады.

3 тамызда Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Раисиді президент қызметіне бекіткен.

Бұрынғы президент Хасан Роухани тұсында Иран әлем державаларымен ядролық келісімге қол қойған. Соның арқасында Иранға салынған санкциялардың көбі алынды.

2018 жылы сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-ты ядролық келісімнен шығарып, санкцияны күшейткен. Бұл Иран экономикасына елеулі шығын әкелді.

Сарапшылардың айтуынша, Раиси экономикалық мәселелерді шешіп, ядролық келісімді жандандыруға күш салмақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG