Accessibility links

Германияда "намыстан" әпкесін өлтірген деген күдікпен екі адам ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Германия астанасы Берлин полициясы 5 тамызда Баварияда мәйіті табылған әйелдің өліміне күдікті ретінде оның екі інісі тұтқындалғанын хабарлады.

22 және 25 жастағы екі ер адам осы аптаның басында – бірінің үйінің жанынан әйелдің мәйіті табылғаннан кейін – ұсталған. Полицейлер мәйіт әлгі екі адамның 34 жастағы әпкесінікі деп топшылайды. Прокуратура қызметкерлері бұл екі адам "ахлақ (ислам дініндегі әдеп, тәрбие – ред.) құндылықтарына" сәйкес келмеген әпкесінің өмір салтына "намыстанып", оны өлтірген болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Күйеуінен ажырасқан, екі баланың анасы биыл шілде айының ортасында хабар-ошарсыз кеткен еді.

Тергеушілер бейнебақылау камерасы жазбасын, ұялы телефон деректері мен куәгерлердің айтқанын тексере келе негізгі күдікті ретінде марқұм әйелдің екі інісін ұстаған. Бұл отбасы Германияға осыдан бірнеше жыл бұрын Ауғанстаннан көшіп барған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG