Accessibility links

Ресейде қытай жобасы бойынша құжаттарды қолдан жасады деп айыпталған шенеунік сотталды


Жемқорлыққа наразылық танытып тұрған тұрғындар. Чуваш өлкесі, Ресей. 2020 жыл.
Жемқорлыққа наразылық танытып тұрған тұрғындар. Чуваш өлкесі, Ресей. 2020 жыл.

Ресейдің Волга аймағындағы Чуваш өлкесінде ауыл шаруашылығы саласында Қытаймен жасалған келісімде құжаттарды қолдан жасады деп айыпталған ресми тұлғаға үкім оқылды. Қытай инвестициясы жиі тартылып жатқан аймақта былтыр жемқорлыққа байланысты бірнеше наразылық шарасы өткен.

10 тамызда Шумерлинск аудандық соты Большеалгашинск ауылының басшысы Максим Медведевті "өкілетін асыра пайдалану" және "қызмет бабында жалған құжат жасау" баптары бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 3 ай шартты жазаға кесті.

Іс материалдарына қарағанда, шенеунік іс жүзінде өтпеген қоғамдық тыңдаудың хаттамасын қолдан құрастырып, қытай мен орыстың бірлескен "Сычуань-Чувашия агроөнеркәсіптік сауда компаниясына" тыйым салынған аумақта шаруашылық жүргізуге заңсыз рұқсат берген.

Максим Медведев ақпарат құралдарына пікір беруден бас тартқан.

Соңғы бірнеше жылда Чуваш өлкесінде халық аймақ экономикасына қытай инвестициясын тартуға қарсылық білдіріп, наразылық өткізген. Олар жергілікті билікті Қытай компанияларымен келісімде жемқорлыққа жол берді деп айыптаған.

Ресей мен Орталық Азиядағы Қытай инвестициясы көп жағдайда 2013 жылы іске қосылған Пекиннің "Бір белдеу бір жол" ірі жобасымен байланысты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG