Accessibility links

АҚШ сенаты президенттің 3,5 триллион долларлық жоспарын бекітті


АҚШ сенаты.
АҚШ сенаты.

АҚШ сенаты кедейлікке қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 3,5 триллион долларлық бюджет жоспарын бекітті. Осылай деп Reuters агенттігі хабарлайды.

Құжатты демократтар қолдады, ал 50 республикашыл депутаттың 49-ы қарсы дауыс берді. Вице-президент Камала Харристің арқасында демократтардың дауысы шешуші болып саналады.

Бұл құжат - Джо Байденнің сайлауалды бағдарламасының ең маңызды тармағы. Ол кедейлікке қарсы күрес мақсатында бюджеттен триллиондаған доллар бөліп, жұмыс орындарын ашып, климаттың өзгеруіне қарсы шаралар бастаймын деп уәде еткен.

Қазір демократтар заң жобасын емес, бюджет резолюциясын бекітті.

Бюджет комитетінің басшысы Берни Сандерс бұл бастаманы халықтың Америка билігіне деген сенімді қалпына келтіру деп атады. Ал республикашылдар керісінше инфляция өсіп, көлеңкелі экономика саясаты үстемдік құрады деп есептейді.

Егер заң жобасы қабылданса, 3,5 триллион доллар алдағы он жылда жұмсалады. Бұл жоба ірі бизнес өкілдеріне салықты көбейту арқылы қаржыландырылмақ.

Таяуда сенат көлік және темір жолдар мен станцияларды және әуежайларды модернизациялауға 1 триллион доллар жұмсау жөніндегі пакетті бекіткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG