Accessibility links

Шымкент әкімдігі қызметкерлерінің ұсталғаны хабарланды, ведомство терістейді


Шымкент қаласының әкімдігі.
Шымкент қаласының әкімдігі.

Шымкент қаласы әкімдігі "мәдениет басқармасының қызметкерлері ұсталды" деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме таратты.

"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) барлығы жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында. Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат келіп түскен жоқ" делінген хабарламада.

11 тамызда кешке жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының шенеуніктері "80 млн теңге көлемінде пара бермек болды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Олардың мәліметінше, басқарманың үш лауызымды өкілі уақытша қамау изоляторына қамалған.

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер "бюджет жымқыру ісі бойынша ашылған қылмыстық істі тоқтату үшін 80 млн теңге көлемінде пара бермекші болған".

Биыл көктемде "Шымкентте Наурыз мерекесін тойлауға бюджеттен 565 млн теңге бөлінгені" жайлы ақпарат тарап, қоғамда дау туғызған. Шымкент қаласының әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған.

Қарай отырыңыз: Шымкент әкімдігі Наурызды тойлауға жарты млрд теңге бөлген. Ал жұрт мереке лебін сезбеген (25. наурыз 2021 жыл).

Шымкент әкімдігі Наурызды тойлауға жарты млрд теңге бөлген. Ал жұрт мереке лебін сезбеген
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:54 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG