Түркияның солтүстігінде болған тасқын салдарынан опат болғандардың саны 14 тамызда 44 адамға жетті деп хабарлады Reuters. Құтқарушылар тасқын зақым келтірген үйлер мен толық қираған ғимараттарды орнын тексеріп жатыр.
Осы аптада Түркияның солтүстігіндегі Қара теңіз жағалауындағы аймақтарда нөсер жауынның соңы тасқынға ұласқан. Әсіресе Кастамону өлкесіндегі Бозқұрт қаласы қатты зардап шекті. Бұл өлкеде 36 адам мерт болған.
Тағы жеті адам Синоп қаласында, Бартында — бір кісі қаза тапқан.
Су басқан аумақтан екі мыңнан астам адам көшірілген.
Бұған дейін осы аптада Түркия билігі шілденің соңында негізінен елдің оңтүстігіндегі көпке танымал курорттардың төңірегінде шыққан өртті ақыры өшіргенін хабарлаған. Осы өрттің салдарынан тоғыз адам опат болып, ауылшаруашылығымен айналысатын аудандар қатты зардап шеккен.
ПІКІРЛЕР