Accessibility links

Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады


Ауғанстан қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы. Архив суреті.
Ауғанстан қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы. Архив суреті.

Өзбекстанда ауған әскери ұшағы құлады. Бұл туралы дереккөздер мен әлеуметтік желідегі суреттерге сілтей отырып өзбек басылымы хабарлады.

Жексенбі, 15 тамыз күні Ауғанстан аудандарының басым бөлігін басып алған "Талибан" Кабулге кіріп, ауған үкіметі құлады, ел президенті Ашраф Ғани шетелге қашты.

Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, ұшақ жексенбі, 15 тамыз күні Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысында, ауған шекарасына жақын жерде құлаған. Басылым әскери киімдегі ер азаматқа медициналық көмек көрсетіп жатқан дәрігерлердің суреттерін жариялады.

Басылымның Сурхандария облысындағы дереккөзі екі ауған әскери қызметкерінің Термез ауруханасына түскенін айтқан.

Ресейлік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарында Өзбекстан қорғаныс министрлігінің апатты зерттеп жатқаны айтылады. Өзбек билігі апат жөнінде әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Жексенбі, 15 тамыз күні Өзбекстан шекараны кесіп өткен 84 ауған сарбазын ұстағанын хабарлаған.

Reuters агенттігі

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG