Accessibility links

Украина Ауғанстаннан 80-ге жуық адамды эвакуациялады


Кабул әуежайына ұмтылған адамдар. Ауғанстан
Кабул әуежайына ұмтылған адамдар. Ауғанстан

Украина ұшағымен Ауғанстаннан 80-ге жуық адам эвакуацияланды, оның көпшілігі өзге елдердің азаматы. Мұны Украина президенті Владимир Зеленский айтты.

"Ауғанстаннан шұғыл әкетуді өтінген 80-ге жуық адам Украина ұшағымен эвакуацияланды, оның ішінде Украинаның сегіз азаматы бар. Ең бастысы, олардың бәрі қауіпсіз жерде" деп жазды Зеленский Twitter парақшасына.

Бұған дейін Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украина ұшағы Кабулдан Нидерланды, Хорватия, Беларусь, Украина және Ауғанстан азаматтарын алып ұшты деген болатын. Ол Киев "қиын жағдайда қалған отандастары мен шетелдіктерге көмектесуге бар мүмкіндігін салатынын" мәлімдеген.

15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулға бақылау орнатты. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елін тастап кетті.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елшіліктің санаулы қызметкерлерінен өзге Ауғанстанда Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстан елшілігі әзірге жұмыс істей береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG