Accessibility links

Қазақстанда коронавирустан тағы 135 адам қайтыс болды


Қазақстанда 16 тамыз күні коронавирус жұқтырған 135 кісінің өлімі тіркелді. Оның ішінде 19 адам "ковидтектес пневмониядан" көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бір Алматының өзінде аурудан 34 адам қайтыс болған. Қала коронавирус жұқтырғандар бойынша да алда келеді. Кейінгі екі аптада онда күн сайын 1,4-1,5 мың науқас тіркеліп отыр.

Шымкент қаласында 16 адам, Нұр-Сұлтанда 12, Қарағанды облысында 13, Атырау облысында 13, Ақмола облысында 11 адам көз жұмған.

Осылайша, індет басталғалы коронавирус жұқтырған 11 978 адам қайтыс болған. Оның ішінде 4111 адам "ковидтектес пневмониядан" көз жұмған.

Билік "ковидтектес пневмония" (КВИ-) есебін былтыр 1 тамыздан бастап жүргізе бастаған. Оған дейінгі маусым-шілде айларында елде пневмонияға шалдығу күрт артып, өлім-жітім артып кеткен. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен деп оларды коронавирус статистикасына қоспай қойды.

Сонымен қатар билік коронавирус жұқтырған, бірақ "өзге аурудан қайтыс болды" деген екі мыңнан астам адамды да коронавирус статистикасына қоспайды.

Елде 29 шілдеден бастап Covid науқастары арасында күн сайын 100-ден қайтыс болып жатыр. 4 тамыз күні бір тәулікті 158 адам өмірден озды. Екі күннен соң тағы да осы көрсеткіш тіркелді.

Мамандар аурудың бұлай өршуін коронавирустың "дельта" вариантымен байланыстырады. Алғаш рет Үндістанда анықталған бұл вариант Қазақстанда маусымның соңында тіркелді.

Қазір қолданыста бар Covid вакциналарының "дельтадан" қорғайтыны айтылады. Вакцина салуды 1 ақпанда бастаған Қазақстанда 4,8 миллион адам екпені толық алған. Бұдан бөлек 1,3 миллион адам екпенің бірінші компонентін алып, екіншісін күтіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG