Accessibility links

Меркель Мәскеуде Путинмен кездеседі. Бұл оның канцлер ретінде Ресейге соңғы сапары


Парижде Норман форматында өткен саммиттен кейінгі баспасөз жиынында Украина президенті Владимир Зеленский мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинді тыңдап отыр. 10 желтоқсан 2019 жыл.
Парижде Норман форматында өткен саммиттен кейінгі баспасөз жиынында Украина президенті Владимир Зеленский мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинді тыңдап отыр. 10 желтоқсан 2019 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель 20 тамызда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл оның Германияда қыркүйекте өтетін сайлаудан кейін саясаттан кетер алдындағы соңғы ресми сапары. Канцлер офисінің хабарына қарағанда, Меркель мен Путин коронавирус індеті мен халықаралық мәселелерді, Ауғанстандағы жағдай мен Украинаның шығысындағы жанжалды тоқтату жөніндегі келісімдердің кідіруі мәселесін талқылайды.

Құрылысы аяқталуға таяған "Солтүстік ағын - 2" газ құбыры да күн тәртібіне кіреді. Ресейдің табиғи газы Балтық теңізінің түбімен өтетін осы құбыр арқылы Германияға жетеді.

Меркель Ресейден кейін 22 тамызда Украинаға барып, Владимир Зеленскиймен келіссөзге отырады. Ресей қолдайтын сепаратистер пен Украина қарулы күштерінің конфликтісін реттеуге талпыныстың ортасында Германия мен Франция болған еді.

Меркельдің бұл сапары Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың уланғанына бір жыл толған қарсаңға тура келді. Навальный Путин улады деп санайды, Кремль теріске шығарады. Уланғаннан кейін Германияда емделген Навальный Ресейге келісімен тұтқындалып, сотталған. Навальныйды бостандыққа жіберу жөнінде бірнеше рет мәлімдеген Меркель бұл мәселені Путинмен келіссөз кезінде де айтуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG