Accessibility links

Шолпан-Атада Еуразия экономика одағының премьер-министрлері кеңесті


Еуразия экономика одағына мүше елдер премьер-министрлерінің отырысы. Шолпан-Ата, Қырғызстан.
Еуразия экономика одағына мүше елдер премьер-министрлерінің отырысы. Шолпан-Ата, Қырғызстан.

19-20 тамызда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Еуразия үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтті. .

Кеңес мүшелерін қабылдаушы елдің өкілі, Қырғызстан премьер-министрі Ұлықбек Марипов былтырғы жылғы бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда биылғы бес айда Қырғызстанның Еуразия экономика одағына мүше елдермен өзара саудасы 34,7%-ға көбейгенін айтты.

Ол "бірыңғай экономикалық кеңістікке әлі де кедергілер бар екенін", айта келе тауар қозғалысын, қызмет көрсету саласын, капитал және еңбек ресурстарын Еуразия экономика одағы аясында әлі де еркін жүзеге асыруға шақырды.

Премьер-министрлер сөзінен кейін Еуразия экономика одағына мүше елдер Тауар сәйкестігін бағалау саласы бойынша Еуразия (аймақтық) ұйымын құру, экономикалық одақтың цифр трансформациясы мәселесі жөнінде жұмыс тобын құру секілді тағы да бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Бұл одақ 2010 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь арасында Кеден одағы ретінде құрылып, 2015 жылы Еуразия экономика одағына айналған. Кейіннен Қырғызстан мен Армения қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG