Accessibility links

Оралда белсенді Маруа Ескендірова тағы да қамалды


Маруа Ескендірова Оралда. 20 тамыз 2021 жыл.
Маруа Ескендірова Оралда. 20 тамыз 2021 жыл.

Оралда белсенді Маруа Ескендірова тағы да "бір жыл ішінде бірнеше рет митинг заңын бұзды" деген айыппен тағы да әкімшілік қамауға алдынды. Белсенді бұл жолы 20 күнге қамалды.

20 тамызда өткен сотта Ескендірованың "әлеуметтік желіде жариялаған видеосы үшін жауапқа тартылғаны" белгілі болды. Видеода Ескендірованың 20 шілдеде қамаудан шыққан сәті бейнеленген. Ол видеода 24 шілдеде бейбіт митинг өткізетін айтып, жұртты қолдауға шақырады.

Сот белсенді Ескендірованы Әкімшілік кодекстің 488-бабы 12-тармағы (Бір жылда бірнеше рет митинг заңын бұзу) бойынша айыпты деп танып, 20 күнге қамады.

Белсенді өзіне тағылған айыптарды мойындамады және 24 шілдеде митинг өтпей қалғанын айтты. Ескендірова сот шешіміне апелляциялық шағым түсірмек.

Маруа Ескендірова Оралда өткен бірнеше митингіге қатысып, өзі де ұйымдастырған. Ол Қазақстан үкіметін жиі сынап, биліктен реформа талап етеді.

Белсенді кейінгі бес айда "бейбіт митинг ұйымдастыру заңын бұзды" деп бесінші рет қамалып отыр. 30 шілде – 12 тамыз аралығында ол қамауда 40 күндей отырып шықты.

Ескендірова 12 тамызда қамаудан шыға салып қала әкімдігіне бейбіт митинг өткізу туралы өтініш бергенімен, жергілікті билік рұқсат етпеді. Жоспарланған митинг 20 тамызда өтуі тиіс еді, бірақ оны полиция үйінен ұстап әкеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG