Accessibility links

Британия әскері: Кабул әуежайындағы хаос кезінде 7 ауған қаза тапты


Кабул әуежайындағы жағдай. 21 тамыз 2021 жыл.
Кабул әуежайындағы жағдай. 21 тамыз 2021 жыл.

Тәліптерден үрейленген мыңдаған ауған Кабул әуежайына ағылып, кісі кептелісі кезінде жеті адам мерт болды. Бұл туралы жексенбі, 22 тамыз күні Ұлыбритания әскері хабарлады.

Әуежай түбіндегі дүрбелеңді тәліптердің аспанға қарата оқ жаудыруы одан әрі ушықтырған. Қуыс жерге тығыздалған адамдар бір жақтан екінші жаққа кенет ағылып, толқынға ілесе алмағандар жарақаттанып жатыр.

"Оқиға орнындағы жағдай аса сындарлы болып тұр, бірақ біз оны мейлінше қауіпсіз етуге тырысып жатырмыз" деді Ұлыбритания қорғаныс министрлігі баспасөз хабарламасында.

Дүйсенбі, 16 тамыз күні мыңдаған ауған Кабул әуежайының ұшу алаңына шығып кетіп, ұшақтардың әуеге көтерілуін тежеген. Кейбірі америкалық жүк ұшағының дөңгелегіне жабысып, ұшақ әуеге көтерілгенде жерге құлап опат болды.

15 тамыз күні ауған аудандарының басым бөлігін жаулап алған "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) Кабулға кіріп, Ауғанстан билігін өз қолына алғанын мәлімдеді. Батыс елдері өз дипөкілдіктері мен оларға қызмет еткен ауған азаматтарын эвакуациялауға көшіп, Кабулдағы халықаралық әуежай эвакуация орталығына айналды. АҚШ азаматтарды елден алып шығу операциясын жүзеге асыру үшін Кабулға мыңдаған сарбаз жұмсады.

Әуежай түбіндегі дүрбелең мен бейберекеттің салдарынан қанша адам опат болғанын дәл айту қиын.

Кабул әуежайында не болып жатыр? 21 тамыз видеосы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:59 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG