Accessibility links

"Есекке мін де даламен кете бер". Путин ауған босқындарын Орталық Азияға уақытша орналастыруға қарсы


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Жексенбіде "Единая Россия" партиясы мүшелерінің алдында сөйлеген Владимир Путин Ауғанстандағы тәліптер режиімінен қашқан босқындарды АҚШ пен Еуропа визасын алғанға дейін Орталық Азия елдеріне орналастыра тұру жөніндегі Батыстың ұсынысын сынады.

Ресей президенті бұл идеяны "қорлау" және "Ресей қауіпсіздігіне қатер төндіру" деп бағалады.

"Ауған босқындары деген кейіппен содырлар пайда болғанын, 90-жылдар мен 2000-жылдардың бас кезіндегі жағдайлардың қайталанғанын қаламаймыз" деген Путин Орталық Азия елдері шекарасының "ашықтығын" еске алды.

- Шекара болғанда қандай? Мың шақырым. Кез келген нәрсеге, тіпті есекке мін де даламен кете бер,- деді ол.

Тамыздың ортасынан бастап Ауғанстанның мыңдаған азаматы тәліптерден қауіптеніп, елден шығып кетуге жанталасып жатыр. Олар Ауғанстанның негізгі бөлігіне бақылау орнатқан тәліптердің "қуғындамаймыз" деген уәдесіне де сенбейді.

АҚШ, Ұлыбритания мен Еуропаның кей елдері Ауғанстан босқындарын қабылдауға дайын екенін хабарлады. АҚШ бұған дейін Еуропаның бірқатар елдеріне ауған босқындарын уақытша апарып, кейін Америкаға алып кетуге уәде берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG