Accessibility links

Польша Беларусьпен шекарасына биіктігі 2,5 метр қамал тұрғызады


Польша - Беларусь шекарасындағы заңсыз мигранттар. Көрнекі сурет.
Польша - Беларусь шекарасындағы заңсыз мигранттар. Көрнекі сурет.

Польша билігі Беларусьпен шекарасына биіктігі 2,5 метр қамал тұрғызу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы дүйсенбіде Польшаның Қорғаныс министрі Мариуш Блащак хабарлады. Оның сөзіне қарағанда. Шекарашыларға көмекке баратын әскери қызметкерлер де көбейеді.

Мұны Беларусь жақтан келетін мигрантттарға байланысты Варшаваның реакциясы деуге болады. Екі ел шекарасында Ирактан, Таяу Шығыс пен Азияның өзге де елдерінен келіп, Беларусь арқылы Польшаға өтуді көздейтін, Еуропа одағынан пана сұрағысы келетіндердің көбейгені байқалған.

Варшава мен оның Еуро одақтағы серіктестері Александр Лукашенко режимінін сынайтын көршілеріне проблема туғызу үшін Беларусь билігі заңсыз миграцияға әдейі дем беріп отыр деп санайды.

Бұған дейін Польшаның 900-ге жуық әскери қызметкері шекарадағы аудандарға барған. Польша құқық қорғау органдарының тағы да 50 қызметкерін мигранттар күрт көбейген Литваға көмекке жіберілмекші.

Польша шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, 2020 жылы шекарада 122 заңсыз мигрант, ал 2021жылдың басынан бері 800-ге жуық заңсыз мигрант ұсталған. Литвада мұнан да көп. Польша мен Беларусь шекарасының ұзындығы 400 км-ге жуық.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG