Accessibility links

Украина СІМ: Кабулда Украина ұшағы ұрланған жоқ


Кабулдан ұшып Киевтің Борисполь әуежайына қонған ұшақ жолаушылары. 22 тамыз 2021 жыл.
Кабулдан ұшып Киевтің Борисполь әуежайына қонған ұшақ жолаушылары. 22 тамыз 2021 жыл.

Ауғанстаннан Украина азаматттарын эвакуациялауға арналған ұшақпен белгісіз біреулер Иранға қарай кеткен. Бұл жөнінде Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин хабарлады.

Оның сөзінше, бұл оқиға өткен аптада болған. Министр орынбасары басқа мән-жайды айтқан жоқ.

Украина Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Олег Николенко сейсенбі күні "кейбір ақпарат құралдарының "Украина ұшағын басып алған" деген хабары шындыққа сай келмейді" деп мәлімдеді. Оның сөзінше, министр орынбасары Енин "Украина азаматтарын әкету жолында дипломаттар бұрын-соңды болмаған қиындыққа кезіккенін түсіндірмек болған". Николенконың сөзін "Интерфакс-Украина" таратты.

Украина Кабулға эвакуацияға арналған үш рейс жіберген. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ауғанстаннан 256 адам шығарылған. 98 адамы бар соңғы рейс Киевтің Борисполь әуежайына 23 тамызда қонған.

Украина Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, Ауғанстанда Украинаның әлі де 50 азаматы бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG