Accessibility links

Токиода паралимпиада басталды. Қазақстаннан бұл жарысқа 25 спортшы қатысады


Қазақстан делегациясы паралимпиаданың ашылу салтанатында. Токио, 24 тамыз 2021 жыл.
Қазақстан делегациясы паралимпиаданың ашылу салтанатында. Токио, 24 тамыз 2021 жыл.

Жапонияның Токио қаласында бүгін, 24 тамызда жазғы паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Ашылу салтанатында Қазақстан туын таэквондошы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен жарысқа қатысатын Раушан Қойшыбаева ұстап шықты.

Токио паралимпиадасына Қазақстаннан 25 спортшы қатысады. Бұған дейін Қазақстан паралимпиадаға осынша жолдама алмаған еді. Қазақстандық атлеттер жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, каноэ, таэквондо, пауэрлифтинг, нысана көздеуден жүлдеге таласады.

Жарысқа қатысатындар арасында Рио паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидулина (55 жаста, жүзу) және Риода күміс медаль иеленген Раушан Қойшыбаева (55 жаста, пауэрлифтинг) бар. Рио паралимпиадасында Қазақстан бір алтын, бір күміспен жалпы есепте 58-орын алған еді.

Токиодағы паралимпиадаға 165 елден 4400-ден аса спортшы қатысады. Бұл жарыс Жапонияда Сovid-19 өршіген тұста өтпек. Жарысқа қатысатындар арасында да коронавирус табылғаны хабарланды. Паралимпиадада кезінде стадиондар мен жарыс кешендерінде көрермендер болмайды. Токиодағы паралимпиада 5 қыркүйекте аяқталады.

Токио паралимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының тізімі:

Жүзу:

  • Нұрдаулет Жұмағали
  • Нұрәли Советқанов
  • Сиязбек Далиев
  • Ержан Сәлімгереев
  • Зүлфия Ғабидулина
  • Роман Агалаков
  • Әлия Рахымбекова

Жеңіл атлетика:

  • Дастан Мұқашбеков
  • Салтанат Әбілқасымқызы

Дзюдо:

  • Жанбота Аманжол
  • Зарина Байбатина
  • Теміржан Дәулет
  • Даяна Федосова
  • Әнуар Сариев
  • Ғалымжан Смағұлұлы

Каноэ:

  • Бейбарыс Спатай

Таэквондо:

  • Нұрлан Домбаев
  • Нышан Өмірәли
  • Камила Досмалова

Пауэрлифтинг:

  • Давид Дегтярев
  • Раушан Қойшыбаева
  • Рахмеджан Хамаев
  • Гүлбану Әбдіхалықова
  • Алина Солодухина

Нысана көздеу:

  • Айсұлу Жұмабаева.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG