Accessibility links

Қытай мектеп пен университет бағдарламасына "Си Цзиньпиннің ойлары" пәнін енгізді


Қытай басшысы Си Цзиньпин.
Қытай басшысы Си Цзиньпин.

Қытай билігі мектеп пен университет бағдарламасына "Си Цзиньпиннің ойлары" деген пән енгізді. Бұл туралы 25 тамызда Қытай білім министрлігі жариялаған оқу бағдарламасында айтылады. Пекин "Си Цзиньпиннің ойлары" пәні жастар арасында "марксистік сенімді қалыптастыруға көмектеседі" деп санайды.

Жоспарға сай, Қытай бұл сабақ арқылы "Коммунистік партияның айтқанын тыңдайтын жастарды тәрбиелеп", олардың "патриоттық сенімін қалыптастыруды" көздейді.

Си Цзиньпин 2012 жылы Қытай басшылығына келгелі елдегі барлық салада Комунистік партияның билігін нығайтуға тырысып жатыр.

"Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі социализм жайлы ойлары" түсінігі 2018 жылы Қытай Конституциясына бекітілген. Биыл шілдеде Коммунистік партияның жүз жылдығы жиынында Си Цзиньпин партияның "билігін", "қытай халқының бірлігін нығайтуға" уәде берген.

Халықаралық ұйымдар Қытай коммунистік партиясын адам құқығын жиі бұзады деп айыптайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG