Accessibility links

"Газпром" Ресейдің "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының жартысын ғана пайдалана алады


Ресейдің су астына құбыр салатын техникасы. 14 қаңтар 2021 жыл.
Ресейдің су астына құбыр салатын техникасы. 14 қаңтар 2021 жыл.

Германия соты "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын Еуро одақтың газ жөніндегі директивасының нормаларын орындауға міндеттеді. Бұл директива бойынша бір компания өзі тасымалдаушы, өзі оператор бола алмайды және құбыр қуатының жартысы басқа энерго компанияға берілуге тиіс. Сондықтан жобаның негізгі қатысушысы "Газпром" "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры қуатының тең жартысын ғана пайдалана алады деген сөз.

Германия билігі бұған дейін "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын Еуро одақ директивасының норрмаларынан босатпаған еді. Nord Stream 2 газ құбырының операторы Берлин шешімінің үстінен шағым түсірген. Бірақ Дюссельдорф соты Еуропа ережесі Ресей жобасына да қолданылатынын құптады.

"Солтүстік ағын – 2" – Германияға Балтық теңізінің түбімен Ресей газын жеткізетін газ құбыры. АҚШ пен Украина және Батыстың кей елдері Ресей бұл құбырды қысым құралы ретінде пайдалануы мүмкін деп есептейді. Сол себепті бұл құбырды салуға да қарсы болған еді.

АҚШ пен Германия "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры іске қосылғананнан кейін де Ресейді Украина арқылы газ тасымалын жалғастыра беруге көндіретіні жайлы меморандумға қол қойған. Ресей Украинаны айналып өтетін газ құбырын Украина – Ресей арасындағы жанжал күрт көбейген кезде бастаған. Құбыр биылдың өзінде пайдалануға берілуі мүмкін.

Вашингтон Еуропа елдеріне өзінің газын ұсынған. Ресей, Германия, Австрия және газ құбыры құрылысына қатысып жатқан компаниясы бар елдер "Солтүстік ағын – 2" – ек қана бизнес жоба дегенге сендіргісі келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG