Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Польша билігін Беларусь шекарасында екі аптадан бері ас-сусыз далада жатқан Ауғанстанның 32 азаматына гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.
25 тамызда жарияланған мәлімдемеде құқық қорғаушылар Польша шекарашылары босқындарды қайтадан Беларуське шығарып жіберу үшін күш қолданғаны жөнінде ақпарат бар екенін атады.
Польша мен Беларусь шекарашылары шекараның шағын учаскесінде бір топ мигранттарды тоқтатып отыр. Оларды екі жақ та өздеріне жіберіп, жауапкершілік алғысы келмейді.
Польша шенеуніктері заңсыз мигранттарды жіберсек, Польшамен қырбай Беларусь билігі алақанын ысқылай түседі деп санайды.
Кейінгі бірнеше айда негізінен Ирак пен Ауғанстаннан келген мыңдаған мигрант Беларусь шекарасынан Литва, Латвия және Польша шекарасына заңсыз өткен.
Еуропаның ресми тұлғалары мұны Еуро одақтың Александр Лукашенко режиміне қарсы салған санкциясына Беларусьтің жауабы, "гибрид шабуыл" деп атаған. 2020 жылы тамыздағы президент сайлауының нәтижесіне келіспей қарсы шыққандарды күшпен тоқтатқан Александр Луашенко билігін Батыс елдері айыптап, санкция салған еді.
ПІКІРЛЕР