Accessibility links

Татарстан мектептерінде 2022 жылдан бастап татар тілі мен әдебиеті оқытылуы мүмкін


Татар тіліне арналған оқулық
Татар тіліне арналған оқулық

Ата-аналар Татарстанның мемлекетттік тілін таңдаған жағдайда алдағы оқу жылынан бастап орта мектептердің сабақ кестесінде татар тілі мен әдебиеті пайда болуы мүмкін. "Idel.Реалии" сауалына Татарстан Білім министрлігі осылай жауап берген.

— Ана тілі мен әдебиетін оқыту ата-аналардың сұранысы бойынша жүзеге асырылады, — дейді жауапта.

Министрліктің жазуынша, ата-аналар не ана тілін (татар, орыс, чуваш, удмурт, т.б.), не Татарстанның мемлекеттік тілі - татар тілін таңдауына болады.

Бұл ереже 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі.

Осыдан төрт жыл бұрын Татарстан мектептерінде татар тілі пәні міндетті пәндер тізімінен шығып қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG