Accessibility links

Алматы облысындағы шекара бөлімі Нұрсұлтан Назарбаевтың аты-жөнімен аталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Алматы облысындағы "Байынқол" шекара бөліміне Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аты-жөні берілді. Бұл шешім жайлы қаулыға Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин 18 тамызда қол қойған.

Қаулы бойынша ҰҚК щекара қызметінің Райымбек аудандық департаментіне қарасты "Байынқол" бөлімшесі бұдан былай "Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы бөлімше" деп аталады. Қаулы қабылданған күннен күшіне енген.

2019 жылдың наурызында өкілетін доғарған, бірақ "Нұр Отан" партиясы мен қауіпсіздік кеңесіне төраға болу арқылы биліктегі ықпалын сақтап қалған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін жер-су атауларына қою, оған ескерткіш орнату, деректі және көркем фильм түсіру, ән шығарып, өлең арнап, кітап жариялау Назарбаевтың өзі президент кезінде басталған.

Ол өкілетін доғарып, орнына Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырғанда Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерген. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бұған қарсы болғанын айтқан. Ол өзін дәріптейтін іс-шараларға да "қарсы" болған сайын дәріптеу күшейе түскен.

Ел ішінде және шетелде Қазақстанда "Назарбаев жеке басына табынуды қалыптастырды" деп санайтындар бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG