Accessibility links

New York Times-ке жауап берген Навальный "Путин режимі – тарихи заңдылық емес, тарихи қателік" деді


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Ресейдің оппозициядағы саясаткері Алексей Навальный түрмегелі қамалғалы бірінші рет сұқбат берді. Ол New York Times сауалдарына жазбаша жауап қайтарды.

Америка басылымы жариялаған үлкен материалда Навальныйдың колониядағы өмірі, Ресейдегі қазіргі саяси жағдай, АҚШ-тың Ресей жөніндегі саясаты туралы айтқандарынан цитаталар келтірілген. Оны "Ресей түрмесіндегі ең атақты тұтқын" деп сипаттаған. Навальныйға қойылған сұрақтар мен оған берілген жауаптардың түпнұсқасын әріптестері Навальный сайтына да жариялаған.

Навальныйдың сөзінше, АҚШ пен Ресей президенттерінің биыл маусымда Женевада өткен кездесуін Ресей мемлекеттік пропогандасы Владимир Путиннің мерейін үстем еткен оқиға ретінде көрсеткен.

"Ресейге қандай санкция салу керек деп ойлайсыз?" деген сұраққа ол "санкцияны Ресейге емес, Ресейді тонап, халқын кедейшіліке ұшыратқандарға салу керек" деп жауап берген.

Осыған ұқсас ойды Навальный өзінің уланғанына бір жыл толар қарсаңда Батыс БАҚ-тарының бетінде еске алып, "олиархтарға әлі күнге санкция салынбағанына қатты қынжылып отырғанын" айтқан еді.

Навальный сұқбатында колониядағы күндерін де суреттеген. Оның сөзіне қарағанда, Навальный уақытының көбі Ресей телеарнасын көрумен өтетінге ұқсайды, өйткені күн тәртібі солай. "Сағат 18-де қылмыскердің дұрыс адам қатарына қайта қосылғанын баяндайтын "патриоттық тәрбие" бағдарламасы болады. Ұлы Отан соғысына арналған фильмдер немесе осыдан 40 жыл бұрын, біздің спортшылардың америкалықтар мен канадалықтарды ойсырата жеңгені жайлы фильм көреміз. Маған Путин режимінің бүгінгі өмір мен өткен өмірді ауыстырып жібергені түсінікті болды" дейді Навальный.

Навальныйға түрмеде күш көрсетпеген. "Түрме психологиялық қысым жасайтын жер. Сені ұрып-соқпайды — керісінше ұдайы, үздіксіз арандатады, сөйтіп өзің біреуді ұратын, қорқытатын жағдайға жеткізеді,— дейді ол. — Біздің лагеріміздегі қатыгездіктің шыңы - ұрып-соғу, заңсыздық жасау емес, керісінше заң мен нұсқаулықты үтір-нүктесіне дейін қалдырмай орындату" дейді ол.

Навальный былтыр түн ішінде оятып, қашуға бейім адам ретінде тексергенді тоқтату және дәрігер жіберу жөнінде талап қойып, аштық жариялаған еді. Қазір ол кездегіден денсаулығы жақсы екенін айтады.

Саясат туралы айта келе "Путин режимі - тарихи заңдылық емес, тарихи кездейсоқтық. Тарихи кездейсоқтық ерте ме, кеш пе түзетіліп, Ресей демократияның еуропалық жолына түседі" деп үміттенетінін білдірген.

Ресей билігіндегі жемқорлықты әшкерелейтін көптеген зерттеулердің авторы Алексей Навальный былтыр, 2020 жылдың тамызында уланып, ауруханаға түскен еді. Кейін Германия ауруханасына апарағанда оның организмінен "Новичок" тобына жататын улы заттар ізі табылған.

Bellingcatпен бірқатар БАҚ зерттеулеріне сүйене отырып, Навальный өзін Ресей ФСБ қызметкерлері улады деп мәлімдеді. Оппозиционер Ресейге оралысымен тұтқындалып, түрмеге қамалған. Бұрын кесілген шартты жазаны түрме жазасына ауыстырған. Құқық қор,ғаушылар Навальныйды саяси тұтқын санатына қосты, Батыс елдері оны босатуды бірнеше мәрте талап етті. Навальный қызметіне қатысы бар құрылымдарды Ресей таяуда эктремистік ұйымдар қатарына жатқызып, жұмысына тыйым салды, ал Навальныйдың көптеген жақтастары қуғын-сүргіне ұшырады, кейбірі шетелге кетуге мәжбүр болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG