Accessibility links

Кабул әуежайының маңында жарылыс болды


Кабул әуежайы. 24 тамыз 2021 жыл.
Кабул әуежайы. 24 тамыз 2021 жыл.

АҚШ әскерилері бүгін, 26 тамызда Кабул әуежайының маңында үлкен жарылыс болғанын хабарлады.

Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Twitter желісінде жарылыстан адам шығыны бар деп мәлімдеді.

Reuters АҚШ әскеріндегі дереккөзіне сүйеніп, жанкешті өз-өзін жарып жібергенін жазды. Бұдан бөлек, Reuters агенттігі "Талибан" қозғалысының (Қазақстан мен басқа да елдерде террористік ұйым деп танылған ұйым) ресми өкілдеріне сүйеніп, жарылыстан кемі 13 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Бұған дейін АҚШ-тың ресми өкілдері "жанкешті террорист әуежайға шабуыл жасауы мүмкін екенін" ескерткен.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанда билікті қайта қолға алған соң елдегі жағдай ушыққан.

Кейінгі күндері Кабул әуежайындағы эвакуация үдей түсті. АҚШ пен оның одақтастары өз азаматтары мен елшіліктеріне қызмет еткен ауғандарды жаппай әкетіп жатыр. Тәліптерден үрейленіп, елден кетуге бел буған ауған азаматтары әуежайға ағылып, дүрлігу байқалды.

Жаңалық толықтырылады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG