Accessibility links

Жарылыс жарықшақтары 2 км-ге дейін жеткен. Әскери қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған.


Тараз-Алматы күре жолының бойында тұрған әскери полиция. Жамбыл облысы Байзақ ауданы. 27 тамыз 2021 жыл
Тараз-Алматы күре жолының бойында тұрған әскери полиция. Жамбыл облысы Байзақ ауданы. 27 тамыз 2021 жыл

Әскери қоймадағы жарылыс жарықшақтары 2 км-ге дейін жеткен. Қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған. Бұл мәліметті Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, жарылысқа жақын жерде 3 елдімекен бар.

Жарылыс болған әскери қоймадан Жібек жолы кенті 3 км (378 адам), Үшбұлақ станциясы 8 км (216 адам), Ботамойнақ 10 км (492 адам) жерде орналасқан. Үш елдімекендегі халықтың жалпы саны 1 086 мың адам, 710 адам Тараз қаласына эвакуацияланып, колледждер мен ортамектептерге орналастырылған. 582 адам туыстарының үйіне кеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің 49 қызметкері ауруханаға түскен.

Төтенше жағдай минислігінің мәліметінше, халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар министрлігі (тел: – 33-32-89, 53-32-79) мен Төтенше жағдайлар департаментінің (8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109) жедел желісі ашылған.

Кеше, 26 тамызда кешкі сағат 19 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс болған. Ресми ақпаратқа қарағанда 4 адам қаза тауып, бірнеше адам із-түзсіз кеткен, жүзге жуық адам жараланып, ауруханаға түскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG