Accessibility links

Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылысынан қаза болғандар көбейе бастады


Тараз-Алматы күре жолында тұрған әскери жүк көлігі. Жамбыл облысы Байзақ ауданы. 27 тамыз 2021 жыл.
Тараз-Алматы күре жолында тұрған әскери жүк көлігі. Жамбыл облысы Байзақ ауданы. 27 тамыз 2021 жыл.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойма жарылысынан қаза болғандар көбейе бастады. Бұған дейінгі 4 адамның жарылыстан қаза болғаны хабарланған еді.

Жамбыл облысында жүрген Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлы:

- Жарылыс салдарынан өрт сөндіруші Елдос Сандыбаевтың қаза болғаны анықталды. Оның досы қазір осы жерде жүр. Ата-анасы үйіне жылап кетті,-деп хабарлады.

Осы уақытта Қазақстан Қорғаныс министрлігі жарылыстан қаза болған басқа адамның аты-жөнін атап, мәлімдеме таратты.

-Өрт сөндіру командасының бастығы, келісім-шарт қызметінің старшинасы 1992 жылы туған Еркін Нәдірбеков өрт сөндіру кезіндегі жарылыс кезінде көз жұмды. Ол 27 тамыз күні таңертең хабарсыз кеткен әскери қызметшілер тізімінде болатын,-дейді Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс ведомствосының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеген.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қоймадағы жарылыстан 4 адам қаза болғанын айтып еді:

- Оңтүстік округтің әскери прокуроры полковник Қапезов, сержант Марат Мешінбай, ефрейтор Руслан Жанболатов және әскери күзет қызметкері Оразбек Дәлібаев мерт болды. Туыстарына әріптестерімнің атынан көңіл айтамын, - деген министр бірнеше адамның із-түзсіз кеткенін мәлімдеген.

26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қоймада өрт шығып, оқ-дәрі жарылған. Бірнеше күшті дүмпу болып, жақын маңдағы елдімекендер эвакуацияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG