Accessibility links

Үшінші жүлде. Пара дзюдошы Теміржан Дәулет Токио паралимпиадасында күміс алды


Токиода өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Теміржан Дәулет 73 келіде күміс медаль иеленді. Ол финалда өзбекстандық Феруз Саидовтан жеңілді.

Қазақстандық дзюдошы ширек финалда Николай Корнхасты (Германия), жартылай финалда Георгий Калданиді (Грузия) жеңіп, финалға шыққан.

Қазақстан қазірге дейін Токио паралимпиадасында үш жүлде алды. Бұған дейін Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) паралимпиада чемпионы атанса, пара дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлде иеленген.

Жол апатынан жанарына зақым келген Әнуар Сариев паралимпиадада күміс алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Қазақстан жазғы паралимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. 2016 жылға дейінгі паралимпиадаларда жүлде иеленбеген еді. 2016 жылы Риода өткен паралимпиадада бір алтын, бір күміс медальмен жалпы есепте 58-орын алған. Рио паралимпиадасында жүзуден Зүлфия Ғабидулина чемпион атанса, пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медаль иеленген.

Ғабидулина мен Қойшыбаева да Токио паралимпиадасына қатысты. Ғабидулина финалға шыға алмады, ал Қойшыбаева 4-орын алды.

Токиодағы паралимпиада 5 қыркүйекте аяқталады. Жарысқа Қазақстаннан 25 паралимпиадашы қатысып жатыр. Бұл дода 2020 жылы өтуі тиіс еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты биылға шегерілген.

Токио паралимпиадасы алдында өткен олимпиада ойындарында Қазақстан алтынсыз қалып, тек 8 қола медаль иеленген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG