Accessibility links

Бішкекте қазақ, қырғыз ақындарының халықаралық айтысы өтеді


30-31 тамызда Бішкектегі Тоқтағұл Сатылғанов атындағы ұлттық филармонияда қырғыз, қазақ ақындарының халықаралық айтысы өтеді. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

XIV халықаралық айтыс Қырғызстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қырғызстандағы "Айтыс" қоғамдық қорының 20 жылдығы, Жениқожа ақынның 160 жылдығы және қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы құрметіне арналады.

Айтыстың жүлде қоры – 3 миллион қырғыз сомы (35 мың доллар). Айтысқа Қазақстан мен Қырғызстаннан сегіз ақыннан қатысады. Арасында Бөрібай Оразымбет, Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров сияқты айтыскерлер бар.

Қырғызстанда 20 тамызда осы халықаралық айтысқа қатысатын ақындар іріктелді. Іріктеу сайысына 44 ақын қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG