Accessibility links

Венгрия Будапештке салынатын Қытай университеті жөнінде референдум өткізбек


Будапешт қаласының мэрі Гергей Карачонь.
Будапешт қаласының мэрі Гергей Карачонь.

Венгрияның ұлттық сайлау комиссиясы Будапештте Қытай университетін салу жөніндегі жоспарға байланысты референдум өткізу туралы өтінішті мақұлдады. Бұл туралы Будапешт мэрі мәлімдеді.

Будапешт қаласының мэрі Гергей Карачонь Facebook парақшасында өз өтінішін комиссия қабылдағанын, егер бұл шешімді сот қайтармаса келесі айдан бастап референдум процесін бастауға керекті 200 мың қол жинауға кірісетінін жазды. Референдумда азаматтардан құрылысқа жол ашып берген премьер-министр Виктор Орбанның оңшыл "Фидес" партиясы басым саналатын парламент қабылдаған заңды кері қайтару керек пе, жоқ па деген мәселе сұралады.

2024 жылға қарай Қытай банкінен 1,5 миллиард доллар кредит алып Қытай университетінің кампусын салу туралы шешім елді алаңдатқан еді. Будапешттің Пекинмен жақындасқанынан қаламайтындар көшеге шығып, шерулеткен.

Венгрия үкіметі Фудань университетінің кампусы венгр студенттері мен шетел студенттеріне жоғары сапалы білім алуға мүмкідік береді деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG