Accessibility links

Ресей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қорын заңды тұлға ретінде жойды


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Ресей оппозиционері Алексей Навальный құрған Жемқорлықпен күрес қоры заңды тұлға ретінде жойылды. Бұл қор Ресейде "шетел агенті" және "экстремистік ұйым" деп танылған.

Федералды салық қызметінің Бірыңғай мемлекеттік реестріндегі мәліметтерге қарағанда, Навальныйдың қоры 31 тамызда тізімнен шығып қалған.

Қордың бұрынғы директоры Иван Жданов осыдан кейін Ресей Әділет министрі Константин Чуйченкоға хат жазып, бұл қорды "шетел агенттері" тізімінен де алып тастауды өтінген.

Қор бұл реестрге 2019 жылы енгізілген. Биыл маусым айында Мәскеу қалалық соты қала прокуратурасының шағымынан кейін Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қорын, Азаматтардың құқығын қорғау қорын (бұл да "шетел агенті" санатына қосылған) "экстремистік ұйым" деп таныған. Осы шешімінде сот бұл ұйымдардың жұмысы тез арада тоқтатылатынын хабарлаған.

Прокуратура Жемқорлықпен күрес қорын "либерал ұрандар жамылып, әлеуметтік және саяси-қоғамдық жағдайды ушықтырғысы келеді" деп айыптаған" деп жазады "Медиазона".

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы мен Ресейдегі "Мемориал" құқық қорғау орталығы Мәскеу қалалық сотының шешімін айыптаған. Amnesty International мұны азаматтардың белсенділігіне жасалған шабуыл деп атаған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, сот шешімі Ресейдегі мыңдаған адамның ой-пікірін еркін білдіріп, жиын өткізу құқығын шектейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG