Accessibility links

COVID-19: Қазақстанда тағы да 5,3 мың адам вирус жұқтырып, 114 адам қайтыс болды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігі "4880 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестпен расталып, өткен тәулікте тіркелді" деп хабарлайды. Бұл хабарға қарағанда, Алматыда 1264 адамнан коронавирус шыққан. Вирус бәсеңдемей тұрған Қарағанды облысында сәрсенбі күні тест қорытындысы 648 адамды анықтаған, Нұр-Сұлтан қаласында 315 адам жұқтырған.

Коронавирус жұқтырғаны лабораторияда дәлелденгендердің Қазақстандағы жалпы саны ресми мәлімет бойынша 798 671 адамға жеткен.

31 тамыз, сейсенбіде коронавирус инфекциясынанн 114 адам қайтыс болған. Оның 21-іне "коронавирус тәрізді пневмония себеп болды" деген диагноз қойылған. Сейсенбі күні 460 адамның "коронавирус тәрізді пневмониямен" ауыратыны расталған.

Министрлік мәліметінше, кейінгі тәуліктерде Қазақстанда 10 644 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Қазір 104 мың адам емделіп жатыр, оның 22 мыңы ауруханада.

Қазір тек Түркістан облысы ғана коронавирус жұқтыру қарқыны жөнінен ең аз "жасыл аймақта" тұр. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары "қызыл аймақтан" "сары аймаққа" өткен.

Американың Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне қарағанда, әлдемде 218 миллион адам коронавирус жұқтырып, төрт жарым миллионнан астам адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG