Accessibility links

Кабулдан құпия эвакуацияланған ауған қызы Токиодағы паралимпиадаға қатысты


Зәкия Худадади
Зәкия Худадади

Тәліптер бақылауына өткен Ауғанстаннан құпия түрде эвакуацияланған ауғанның таэквандошы қызы Зәкия Худадади Токиодағы паралимпиада ойындарына қатысты.

Халықаралық қауымдастықтың күш салуымен Кабулдан шығып кетуге мүмкіндік алған 22 жастағы Зәкия мен тағы бір отандасы Хоссейн Расули әуелі Парижге жетіп, 28 тамызда Токиоға аттанған.

49 келі салмақ дәрежесі бойынша Зәкия 2 қыркүйекте алғашқы жекпе-жегіне ақ хиджаппен шықты. Зәкия 2004 жылдан бері паралимпиадаға қатысып отырған алғашқы ауған қызы.

БАҚ жекпе-жекте Зәкияны жеңген Өзбекстан таэквандошысы Зиёдахон Исакованың "Мен оның Жапонияға келуге мүмкіндік алғанына қуаныштымын" деген сөзін таратып жатыр.

Зәкия бейсенбі күні жұбаныш жекпе-жегін өткізеді.

Жеңіл атлет Расули Токиоға кешігіп келіп, 100 метр жүгіруден жарысқа қатыса алмады. 31 тамызда ұзындыққа секіруден жарысқа қатысты.

Халықаралық паралимпиада комитеті Ауғанстанның екі споршысы әзірге сұқбат бермейтінін мәлімдеді.

5 қыркүйекте паралимпиада ойындары аяқталған соң Зәкия мен Хоссейннің қай елге аттанары белгісіз.

Ауған атлеттерін эвакуациялауға қатысқан Human Rights for All ұйымының өкілі Элисон Баттиссон Reuters агенттігіне берген пікірінде екі атлетке Австралия гуманитарлық виза бергенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG