Accessibility links

Тәжікстан президентінің туысы адам пышақталған төбелеске қатысып, айыппұлмен құтылды


Эмомали Рахмон
Эмомали Рахмон

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жақын туысына айыппұл салынды, төбелеске қатысып, адамдарға пышақ салды деп айыпталған бірнеше кісі түрмеге кетті.

Хатлон облысы Даңғара аудандық сотынан хабарлағандардың айтуынша, сот үкімі шілденің соңына қарай шыққан. Ол туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Эмомали Рахмон әйелінің 35 жастағы немере інісі Әмреддин Нахшов пен тағы да тоғыз адамды сот айыпты деп санаған. Нахшовты қоса алғанда бес адамға 60 мың сомони (5250 доллар) айыппұл салынып, бес адам үш жылдан бес жылға дейін түрмеге кесілген. Олар биыл мамыр айының ортасында Даңғара қаласының орталығындағы төбелеске қатысқан.

Алтын өндіретін "Нахш" компаниясының бас директоры Нахшов пен оның сыбайластары "Мину Фарм" компаниясының жұмысшыларын ұрып-соққан. Тәжікстан милициясының мәліметінше, "Мину Фарм" компаниясыың 10 қызметкері ауыр жараланған. Оның төртеуі пышақталып, ауруханаға түскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG