Accessibility links

Рамзан Қадыров Шешенстан ешқашан тәуелсіз болмаған деді


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Шешен халық батырлары Мансұр, Байсангур Беноевский, Таймин Биболат, Адин Сурхо Шешенстанды қазіргі күйіне жеткізу үшін күресті деп мәлімдеді республика басшысы Рамзан Қадыров. Тарих туралы көзқарасын ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты деп хабарлайды Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметі.

Қадыровтың сөзінше, шешен халқы Мансұр шейхтің кезінен бастап ислам діні мен шешен кодексін ұстану мүмкіндігі үшін күресіп келген.

"Егер халық батырларын алып қарап, олардың не істегеніне, неге ұмтылғанына үңілсек, олардың еркіндіктің қазіргі күйіне жету үшін күрескенін көреміз" деді Ресей өңірінің басшысы.

Сондай-ақ, Қадыров шешендерде өз мемлекеті, тәуелсіздігі ешқашан болмағанын айтты. Үкімет отырысының видеосы 1 қыркүйек күні "Грозный" мемлекеттік арнасынан көрсетілді.

Рамзан Қадыров жаратушы шешендерге жеңіс сыйлады, оны ұстап тұру үшін "Ахмат Қадыровтың жолымен жүру керек, жаңа нәрсені ойлап табудың қажеті жоқ" деді.

Тамызда Ресей президенті Владимир Путин Грозный халықаралық әуежайына Ахмат Қадыровтың есімін берді.

Шешенстанның қазіргі президентінің әкесі Ахмат Қадыров 1995-1999 жылдары мойындалмаған шешен республикасының муфтиі болған. Кейін ол оппозицияға кетіп, Ресей әскерін қолдаған. 2003 жылы Ахмат Қадыров Шешенстан республикасының президенті болып сайланды, бірақ 2004 жылы мамырда оны Грозный қаласында өлтіріп кетті.

Шешенстанда Ахмат Қадыровтың есімі берілген 300-ден астам көшеге, одан бөлек алаңдарға, парктерге, оқу орындарына және спорт клубтарына берілген. Оның портреттері Грозный көшелерінде жиі кездеседі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG