Accessibility links

Кабулда "мерекелік" оқ ату кезінде кемі 17 адам қаза тапты


Тәліптер бақылау бекетінде. Кабул, 3 қыркүйек 2021 жыл.
Тәліптер бақылау бекетінде. Кабул, 3 қыркүйек 2021 жыл.

Кабулда "мерекелік" оқ ату кезінде кемі 17 адам мерт болды деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Олардың мәліметінше, "Талибан" Панжшерді бақылауға алды деген хабар тараған тұста, тәліптер мұны атап өтпек болған.

Панжшер тәліптер билігін мойындамаған жалғыз уәлаят саналады. Оның басшылары уәлаяттың тәліптер қолына өткенін жоққа шығарды.

Shamsad ақпарат агенттігі жұма, 3 қыркүйек күні Кабулда оқ ату кезінде кемі 17 адам опат болғанын хабарлады. Tolo ақпарат агенттігі осыған ұқсас ақпарат таратты.

Нангархар уәлаятында да тойлату кезінде зардап шеккендер бар. Уәлаят астанасы Жалалабадтағы аурухананың баспасөз хатшысы Гүлзада Сангар кемі 14 адамның жарақ алғанын хабарлады.

"Талибанның" ресми баспасөз хатшысы Забиулла Мужахид оқ атуды сынға алды.

"Әуеге оқ атуды қойыңдар, оның орнына құдайға рахмет айтыңдар" деді Мужахид Twitter желісінде. "Оқтар бейбіт тұрғындарға зардап тигізуі мүмкін, сол себепті қажетсіз оқ атуды доғарыңдар".

Reuters ақпарат агенттігі

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG