Accessibility links

АҚШ Донбастағы шиеленісті шешуге атсалысады


Украина вице-премьері Ольга Стефанишина
Украина вице-премьері Ольга Стефанишина

Донбастағы қарулы шиеленісті реттеу тек "Норман форматында" ғана талқыланбай, мәселені шешуге АҚШ та қатысады деді Украина вице-премьері Ольга Стефанишина. Оның сөзінше, Вашингтон бұл іске АҚШ пен Украина президенттерінің кездесуінен кейін бірден кіріскен.

АҚШ президенті Джо Байден мен Украина президенті Владимир Зеленский 1 қыркүйек күні Вашингтонда кездескен. Олар түрлі тақырыпты талқылап, соның ішінде "Ресей агрессиясына қарсы күрес" мәселесін де қамтыды.

Зеленский АҚШ-тан аннексияланған Қырымда және сепаратистер бақылауындағы Украина аумақтарында тұтқын түскен адамдарды босатуда көмек сұрады. Киев Вашингтонға табыстаған тізімде 450-ге тарта адам бар.

Донбастағы қарулы шиеленіс 2014 жылы басталып, Украинаның Донецк және Луганск облыстары Киевтің бақылауынан шыққан. Қақтығыс салдарынан 13 мың адам қаза тапты. Кемі жарты миллион адам үйін тастап, босып кетті.

Шиеленісті реттеумен Украина, Ресей және ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен үшжақты топ айналысып жатыр.

Шиеленістің саяси шешімін табу ісімен "Норманд төрттігі" айналысып отыр. Оған Германия, Ресей, Украина және Франция елдері кіреді.

Украина мен Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдап отыр деп айыптайды. Мәскеу бұл айыпты жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG