Accessibility links

Аннексияланған Қырымда 40-тан аса қырым татарын ұстады


Қырым татарлары мәжілісі төрағасының орынбасары Нариман Джелял.
Қырым татарлары мәжілісі төрағасының орынбасары Нариман Джелял.

Сенбі, 4 қыркүйек күні аннексияланған Қырымның Симферополь қаласында 40-тан аса қырым татарын ұстап әкетті. Олардың арасында "Грани.ру" интернет-басылымы мен "Крымская солидарность" порталының тілшілері Айдер Кадыров пен Нури Абдурашитов болды. Олар ФСБ кеңсесінің алдына келіп, Симферополь түбінде орналасқан Перевальное ауылындағы газ құбырын бүлдіру ісі бойынша ұсталған бес адамның қайда екенін сұраған.

Полиция жиналғандарға карантин шаралары туралы ескертіп, тарауды талап етті. Жиналғандар тарамады, бірақ бір-бірінен жарты метр қашықта тұруға келісті. Бірақ бұл полиция үшін жетпеді, жиналғандарды жаппай ұстай бастады.

Перевальное ауылындағы газ құбырын бүлдіргені туралы Ресей басылымдары 23 тамыз күні хабарлаған. Осыдан кейін мүлікті қасақана жою не бүлдіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

3-4 қыркүйек күндері бес қырым татарының үйінде газ құбырын бүлдіру ісі бойынша тінту жүргізіліп, олардың бесеуін де ұстап әкетті. Олардың ішінде қырым татарлары мәжілісі төрағасының орынбасары Нариман Джелял да бар.

Ресей Украинаның Қырым түбегін 2014 жылы аннексиялап алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG