Accessibility links

Ресей соты Google мен Yandex-ке "Ақылды дауыс беру" нәтижесін көрсетуге тыйым салды


Мәскеу төрелік соты Google мен Yandex-ке "Ақылды дауыс беру" нәтижесін іздеу жүйесінде көрсетуге тыйым салды. Соттың 3 қыркүйектегі шешімінде үкімнің қой терісін сатумен айналысатын "Вулинтертрейд" компаниясының шағымына сүйеніп қабылданғаны айтылады.

"Ақылды дауыс беру" – оппозиция саясаткері Алексей Навальныйдың сайлауға арналған жобасы. Бірақ маусым айында Ставрополь қаласындағы компания "Вулинтертрейд" өте тар уақыт аралығында "Ақылды дауыс беру" тауар белгісін тіркеп алып, бұл тіркесті тауар белгісінің рұқсатынсыз пайдаланбау жөнінде шағым түсірген.

Навальныйдың серігі Иван Жданов төрелік сотының шешімін заңсыз деп атады:

"Президент әкімшілігінде кеңесе келе Гуглды алдайық, ешқандай саясат жоқ, сот шаруашылық дау негізінде тәуелсіз шешім қабылдады деген түр жасайық деген болар".

  • "Ақылды дауыс беру" жобасы 2018 жылы Санкт-Петербург губернаторы мен Мәскеу қалалық думасының сайлауы кезінде іске қосылған. Жобаның мақсаты – "Единая Россия" партиясына қатысы жоқ адамдарға қолдау білдіру.
  • Мұның алдында сот Навальныйға қатысы бар ұйымдарды экстремистік деп танып, олардың қызметіне Ресей аумағында тыйым салды. Ал мемлекеттік дума экстремистік деп таныған ұйымдарға қатысы бар адамдарды сайлауға қатысу мүмкіндігінен айыратын заң қабылдады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG